December 3. 2025. 2:45

Казахстан

POLITICS & ECONOMICS & NEWS

2025 жылғы Қазақстан балалар кубогының финалы қарсаңында

2025 жылғы 5-12 желтоқсан аралығында Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан Балалар кубогының финалы өтеді. Нокаут жүйесі бойынша жарысқа түсетін 9 — 14 жастағы 16 бозбала мен қыз үздік ойыншыларды анықтайды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі KazChess сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылы Қазақстан Балалар Кубогы жарысы 6 кезеңді қамтыды:

Әр кезеңнің қорытындысы бойынша әр жас санатындағы – 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздарға 1-ші орыннан бастап (20 балл) 15-ші орынға дейін (1 балл) тиісті ұпайлар берілді. Осы балл қосындысы бойынша үздік 16 бозбала мен қыз анықталды (14 жасқа дейінгілер арасындағы 10 үздік + 10 дейінгілер арасындағы 5 үздік + 2024 жылғы Қазақстан Балалар Кубогының жеңімпазы). Негізгі қатысушылардың біреуі шығып қалған жағдайда оны қосалқылар тізімдегі келесі ойыншы ауыстырды.

Бозбалалар

1. Ақылжан Мейірханұлы(29.01.2011, Қызылорда обл., 2340)– 2023және 2024 жылғы ҚБК жеңімпазы, 1-ші және 2-ші кезеңдерінің жеңімпазы;

2. Алдияр Жарас (5.07.2012, Алматы, 2045);

3. Пайрави Кодири (2011, Тәжікстан, 2042)– 4-ші кезеңнің жеңімпазы;

4. Алтынбек Құсайын(15.01.2011, Павлодар обл., 2007)–6-шыкезеңніңжеңімпазы;

5. Азамат Алмазұлы(2.07.2013, Абайобл., 1995);

6. Ибраһим Бақыт(22.01.2014, Астана, 1970);

7. AIMЖанболат Аманқос(6.12.2011, Маңғыстауобл., 1963);

8. Нұрислам Айнақұл(4.08.2011, Шымкент, 1961)– 5-ші кезеңнің жеңімпазы;

9. Мақсат Байсалбеков(29.12.2012, Ұлытау обл., 1929)– 3-ші кезеңнің жеңімпазы;

10. Азат Әміреев(20.04.2013, Қызылорда обл., 1920);

11. Кирилл Бабкин (12.01.2011, Павлодар обл., 1905);

12. Диас Аманбек(5.07.2015, Түркістан обл., 1799);

13. Ескендір Мұрат (20.02.2015, Алматы, 1768);

14. Ералы Аман(19.03.2015, Астана, 1731);

15. Санжар Тұрдыбай(15.09.2015, Абай обл., 1717);

16. Әли Атнаш(14.01.2016, Атырау обл., 1649).

Бастапқы тізімде Санжар Толбаев болған еді, бірақ ойынға қатыса алмауы себептіоны Ескендір Мұрат (2016, Алматы, 1632)ауыстырды.

https://s3.chess-results.com/tnr1298268.aspx

Қыздар

1. Маргарита Поляк (2014, Қырғызстан, 1785)– 1-ші кезеңнің жеңімпазы;

2. Адия Мәмеш (11.05.2014, Астана, 1764) – 2025 жылғы Қазақстан вице-чемпионы (G12);

3. Бибісара Ержан (3.07.2012, Жамбыл обл., 1738);

4. Сымбат Жетпіс (27.07.2015, Атырау обл., 1678)– 4-ші кезеңнің жеңімпазы;

5. Азалия Балақанова (20.11.2016, Павлодар обл., 1670);

6. Азель Төлекенова (29.12.2011, Астана, 1665)–5-ші кезеңнің жеңімпазы;

7. Алуна Әубәкірова (15.02.2011, Ақмола обл., 1650)– 3-ші кезеңнің жеңімпазы;

8. Мунира Рау (16.11.2011, Павлодар обл., 1646);

9. Ксения Шегай (28.05.2013, Алматы, 1611);

10. Аделина Нұрханқызы (4.04.2016, Шымкент, 1602);

11. Зейнеп Жаппар (3.02.2011, Қостанай обл., 1589);

12. Медина Жакенова (8.06.2013, Атырау обл., 1576);

13. Інжу Абибулла (9.02.2015, Ақтөбе обл., 1551)– 6-шы кезеңнің жеңімпазы;

14. Ақниет Күмісбай (12.05.2016, Маңғыстау обл., 1551);

15. Дилайла Сәдуақасова (18.08.2013, Алматы, 1547);

16. Нұрсая Жумабек (17.01.2014, Шымкент, 1539).

https://s3.chess-results.com/tnr1298284.aspx

Әр кезеңде – 1/8финалда, ширек финалда, жартылай финалда және финалда – қарсыластар фигуралардың түсін ауыстырып, 90+30классикалық уақыт бақылау нұсқасы бойынша (партияға 90 минут беріледі және әр жүріс үшін біріншісінен бастап 30 секунд қосылады) екі партиядан ойнайды.

Екі классикалық партияданкейін қарсыластар тең түскен жағдайда жеңімпаз анықталғанға дейін тай-брейк: екіпартиярапид 15+10, екі партияблиц 3+2ойналады және соңында«армагеддон» деп аталатын ойынға орын беріледі – ол бойыншафигуралардың түсін таңдайтынойыншы жеребе тарту жолыменанықталады (ақ фигуралармен ойнайтын шахматшыға 3 емес, 4 минут беріледі,бірақ осыжалғыз партияда қарсыластар тең түскен жағдайда қаралар жеңімпаз деп танылады).

Қазақстан Балалар Кубогының әр финалының (қыздар мен ұлдар арасында) жүлде қоры – 1,5 млн теңге, ол келесідей бөлінеді: 1-ші орын үшін– ₸300 000, 2-ші орын үшін– ₸200 000, 3-ші орын үшін– ₸150 000, 4-ші орын үшін– ₸130 000, 1/4 финалда жеңіліс тапқан 4 ойыншының әрқайсысына – ₸80 000, 1/8 финалда жеңіліс тапқан 8ойыншының әрқайсысына– ₸50 000.

Бозбалалар мен қыздар арасындағы финал жеңімпаздары KazChess/KCF жасөспірімдер арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионаттары: World Cadets Chess Championship – U8–U12, World Youth Chess Championship – U14–U18KazChess/ҚШФ атынан қатысу құқығына ие болады.