May 29. 2025. 3:35

Казахстан

POLITICS & ECONOMICS & NEWS

"Еркек бастарыңмен, сақалдарың қауғадай болып, айтатын әңгімелерің қатын, қатынның мерекесі": Халық ағайынды Жүгінісовтар туралы

Ағайынды Жүгінісовтардың үлкені Рүстем Жүгінісов желіде 8 наурызды тойламайтынын айтып, жаппай сынның астында қалды.

Көпшілік оның өзге діннің ағымында кеткеніне шүйліккен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл ойын Рүстем Жүгінісов өзінің желідегі парақшасында мәлім еткен.

"Менен сұрап жатыр, неге 8 наурызбен құттықтамайсың деп. Рамазан келді, Рамазанмен құттықтаймын. Ал, 8 наурыз мерекесі, біріншіден біздің қазақтың мерекесі емес, біздің ата-бабаларымыз бұл мерекемен құттықтамаған. 8 наурыз мерекесінің тарихын қарасаң, көңіл-күйің түседі. Тарихы неден шыққанын білетін болсаңыздар, өздеріңіздің көздеріңіз жетеді. Аталарымыз тойламағаннан кейін, мен ойлаймын, біз несіне тойлаймыз деп. Аналарымызға, келіншектерімізге, қарындастарымызға күнде мереке жасауға болады", — деді ол.

Көпшілік мұның бұл пікірімен келіспейтінін айтып, оны жаппай сынап тастаған.

"Еркек бастарыңмен, сақалдарың қауғадай болып, айтатындарың қатын, қатынның мерекесі", "Жап-жас жігіт, алжыған шалдан да надан", "Осындайлар түнімен бірдеңені ойлап, харам деп түбімізге жететін болды", "Сақалың жараспайды екен, жап-жас жігітсің, 80-дегі шалдарға ұқсап тұрсың", "Кезінде тойламаған адам құсап, не айтып отырсың өзі" деп шүйлікті олар.