QR-код арқылы есірткіні жарнамалаған күдіктілер қамауға алынды
Қамауға үш адам алынды.
Онда үш жігіт танымал топтың концертінің жарнамасын іліп жатты.
"Бір қарағанда, бұл зиянсыз көрінді. Алайда жарнаманың QR коды күдік тудырды. Одан өткеннен кейін адам есірткі сататын ресурсқа түседі. Ұсталғандардың арасында ерлі-зайыпты жұпта бар. Жастар оңай жолмен ақша табу үшін "жұмыс істеу" ұсынысына алданып қалғандарын мойындады. Тәжірибеден: есірткі жарнамалаушыларды жақсы табыспен қызықтырады, бірақ бұл қылмыстық жауапкершілікке және бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыратын тұзақ", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Үш адам қамауға алынды . Айғақты заттар тәркіленді. Полицейлердің айтуынша, жедел-іздестіру шараларымен қатар, нашақорлықтың алдын алу және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері есірткі сатуды жарнамалайтын 10 мыңға жуық граффити суреті табылып, жойылды.
Сонымен қатар есірткі тарату және жарнамалаумен айналысатын 415 интернет-ресурс анықталды және бұғатталды.