October 5. 2024. 7:36

Казахстан

POLITICS & ECONOMICS & NEWS

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді

Көрші елде жер дүмпуі болды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 5 қыркүйек күні Астана уақытымен 06.08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасмап.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 400 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында жатыр.

«Энергетикалық санаты – 10.0. MPV магнитудасы – 4.6. Эпицентр координаттары – 40.93° с.е. 73.16° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», — делінген хабарламада.