“Міржақып: Оян қазақ” фильмі кинотеатрлардан алынып тасталды

Міржақып Дулатов туралы түсірілген "Міржақып: Оян қазақ" фильмі кинотеатрлардан алынып тасталды. |
Бұл туралы Facebook қолданушысы Аслан Жұматаев жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жаңа ғана "Міржақып: Оян қазақ" фильмі кинотеатрлардан алынып тасталғанын естідім. Естігегіме сенбей онлайн кассалардан тексерсем расымен де жоқ екен.
Фильмді алып тастау идеясы кімнен келді екен", — деді желі қолданушысы.
"Kinopark" кинотеатр желісінің өкілі Ерлан Бұқарбаев фильмнің неге алынғанына жауап берді.
"Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлары үнемі ұлттық және басқа да қазақстандық фильмдерді қолдайды және көрсетеді. Иә, шын мәнінде біздің кинотеатрлар желісі бұл фильмді Қазақстанның барлық он қаласында сәтті көрсетуге бастамашы болды. Бірақ, кенеттен "Қазақстан" телеарнасы-фильмнің авторлық құқық иесі өз жобасын Қазақстан кинотеатрларында прокаттауды тоқтатуға шешім қабылдады. "Қазақстан" телеарнасы фильмді тек өз арнасында ғана көрсетпек. Сондықтан барлық сұрақ "Қазақстан" арнасына", — деп жауап берді Бұқарбаев.