2023 жылдың бірінші тоқсанында елімізге келген турист саны 2,3 есе ұлғайды
Бұл бұрынғы көрсеткіштен 130 мың адамға немесе 2,3 есе көп.
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, салыстырмалы түрде, былтырғы сәйкес кезеңінде Қазақстанға 97 мың шетелдік келген. Биыл алғашқы тоқсанда ішкі туристер саны да 20% артты. Ал қаңтар-наурыз аралығында 1 млн 348 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған.
Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деп болжанып отыр.
"Бұл шетелдік қонақтардың Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мысалы, жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты",- деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.
Сурет: unsplash