Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. |
Сайттағы деректерге қарағанда, Toyota мен Hyundai автокөліктері соқтығысып, салдарынан HYUNDAI автокөлігі инерциямен MAN жүк көлігін соққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Салдарынан Маңғыстау облысының тұрғындары Hyundai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды, аяғы сынған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.