September 19. 2024. 10:08

Казахстан

POLITICS & ECONOMICS & NEWS

Қазақстан 1 трлн теңгеге активтерін қайтарды


Активтерді елден заңсыз шығаруға қарсы күрес аясында Қазақстанға 1 трлн теңге ақша қайтарылды. Бұл туралы LS-ке Бас прокуратурада хабарлады.

Мемлекеттік мекеменің мәліметінше, ведомствоаралық комиссия экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс кезеңінде мемлекетке 944,6 млрд теңгеге активтер қайтарылды. Оның ішінде 2023 жылы – 308,5 млрд теңге.

Шет елдерден Қазақстанға 589 млн долларға мүлік қайтарылды, оның ішінде 2023 жылы – 14 млн-нан астам доллар.

"Заңсыз сатып алынған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда", — деп толықтырды Бас прокуратурада.

Бұған дейін, LS редакциясы 217 млрд теңгенің активтері Қазақстанға қайтарылғанын хабарлаған болатын.