May 20. 2024. 12:41

Казахстан

POLITICS & ECONOMICS & NEWS

Мамырда Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық күтіледі?

Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаятыны айтылды.

Сәуірде жауған жауын-шашынды және ауа райы болжамын ескере отырып, Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаятыны айтылды.

Құрғақшылық күтіледі:

  • Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында;
  • Қостанай облысының Амангелді ауданында;
  • Қарағанды облысының Шет ауданында.

Бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады:

  • Қостанай облысының Қарасу ауданында;
  • Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында;
  • Павлодар облысының Ақтоғай, Успенка аудандарында және Павлодар қаласының маңайында;
  • Батыс Қазақстан облысында Бурлин, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында;

Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық деп есептелген.

Сурет: depositphotos.com