October 25. 2024. 12:33

Казахстан

POLITICS & ECONOMICS & NEWS

Бородулиха ауданында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Бұл кешен Бородулиха ауылының спорттық инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған "Ауыл – Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер – "СМУ Шығыс" ЖШС.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, нысан құрылысына жауапты мердігерге алғыс хат табыс етті.

"Осындай заманауи нысандардың ашылуы – бұл спорттық сауықтыру кешенінің спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спортшылардың жаңа ұрпағын тәрбиелеуге қосқан үлесі зор мердігерлерге жұмысты сәтті аяқтағаны үшін алғысымды білдіремін", — деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.

Кешеннің өткізу қабілеті тәулігіне 45 адамға есептелген. Оның ішінде әмбебап спорт залы баскетбол, волейбол және шағын футбол секілді командалық ойындарға арналып отыр. Сондай-ақ, 200 көрерменге арналған трибуналар, және жаттығулар мен белсенді демалысқа арналған жүзу бассейні қарастырылған.

Бұл кешен заманауи инженерлік желілермен қамтамасыз етіліп, барлық талаптарға сай салынды. Мұнда денсаулықты нығайтып, спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Похожие материалы (по тегу)