November 21. 2024. 3:40

Казахстан

POLITICS & ECONOMICS & NEWS

Семейде әлеуметтік қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Қазіргі уақытта қалада мыңға жуық маман еңбек етеді.

" Семей қаласында әлеуметтік салада 1000-ға жуық маман еңбек етеді. Әлеуметтік көмек алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 23% азайды. Бұл жетістік аз қамтылған отбасылармен тікелей жұмыс істейтін әлеуметтік сала кеңесшілері мен қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесі. “Айналасынан жәрдем күткен азаматтардың қайғысы мен қиындығын бөлісіп, бірге еңсеруге аянбай еңбек етіп жүрген Сіздердің әрбіріңіз құрметке лайықтысыздар! Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін”,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Мерекелік шарада бірқатар маман Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы, Абай облысы әкімінің алғыс хаты, “Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісі, қала әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын алды.

Семейде қазіргі таңда бірнеше жаңа әлеуметтік нысандар ашылды: атап айтқанда, мүгедектігі бар балаларға арналған реабилитациялық оңалту орталығы, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының филиалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары ашылуда.

Сурет: Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі